Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Байырбекова Арайлым Досбатырқызы

Байырбекова Арайлым Досбатырқызы 15 наурыз, 1988 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына қуыршақ жанрының актрисасы мамандығына оқуға түскен. 2009 жылдан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында қызмет атқарады.

2015 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрының 80 жылдық мерей тойында «Серпер» сыйлығының иегері болды.

2019 жылы "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясының иегері атанды. 

2019 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген.

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Үш торай» - Нуф-Нуф, «Қызыл телпек» - әжесі, «Алтын балапан» - түлкі, «Аққу жібек» - нөкер, сарбаз, «Құтан мен қарақшы» - түлкі, «Орыс халық ертегілері» - бақа, биші, «Буратино» - Мальвина, «Қожа чемпион» - ит, «Жаңа жылдық шоу» - сиыр, тауық, шошқа, «Дед Мороз и Лето» - собка, «Медея» - Медея, «Меңсұлу» - Меңсұлу, «Ромео мен Джульетта» - күтуші. 

 

Кинодағы ойнаған рөлдері: «Астана» телеарнасында «Сырты бүтін», «Хабар арнасындағы» - «Сотқа жеткізбей», «КТК» арнасындағы «Көріпкел» атты телехикаяларға түскен.