Абуева Сабиля Меңдіғалиқызы 1952 жылы 9 шілдеде Атырау облысында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының сахнасында бастаған. 1969 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрында өзінің өнер жолын асқан белсенділікпен бастаған өз орны бар шебер тұлғалардың бірі. Балаларға арналған 200 ден астам әр-түрлі жанрдағы рөлдерді сомдаған.
1981 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі
ҚР Мәдениет министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Мұңлық-Зарлық» - Бәйбіше Мыстан, «Чемпион Қожа» - Әже, Жалқаулық, «Терісқақпай» - Тәпә, «Жомартпен болған оқиға» -Жомарт, «Аққу туралы аңыз» - Мыстан, Ақ құс, «Кербақбай» - оқушы, «Сәбираның әлегі» - Кемпір, «Орашалық Ораш» - Сабира, Қарашаш, «Жұлдызша» - Ай, «Театр одного актера» - 2 дәу, ата, ана, түлкі, «Заветное слово» - Бабка, бәйбіше, жезтырнақ, «Тарқамайды тойымыз» - Восток, прибалты, армяне, Майкл, Пугачева, «Солнечный лучик» - мысық, «Құтан мен қарақшы» - түлкі, «Күнше» - мыстан, «Балапан» - ит, «Гусенок» - Түлкі, «Алдар көсе» - шайтан, «Рыс по имени Рыс» - бақа, «Киелі алма» - Ібіліс, «Маугли» - волчица, «Гадкий утенок» - аист, цыплята, «Кукла Шоу» - акробатка, Р. Багланова, М. Джексон, Поворотти, Цыганка, восток-центр, «Үш торай» - Наф-Наф, «Алқызыл гүл» - кикимора, «Солдатский котелок» - медбике, устрашист, «Бремен музыканттары» - мысық, «Аққу жібек» - аққу, «Аладдинның сиқырлы шамы» - ана, «Али-Баба және қырық қарақшы» - Ахмед, «Атамекен» - ана, зжылан, маска, «Қаңбақ шал» - әже, түлкі, қызыл дәу, «Орыс халық ертегілері» - скоморох, ұлу, «Лиса и плут» - қоян, «Буратино» - Тасбақа.
Кинодағы ойнаған рөлдері: «Кінәратсыз күнә» - әйел эпизод (реж. Б.Шарипов, 2004 ж.), «Бақсы» - басты ролде ойнаған қыздың анасы (реж. Г.Омаровның, 2007 ж), «Арман қала» - эпизод (реж. Э.Абдижаппаровтың, 2009 ж), «Жаныңда жүр жақсы адам» - эпизод (реж. Н.Игилик, 2012 ж), «Ауыл сақшысы» - Бағила (реж. С.Құрманбеков, 2014 ж), «Кеңесшілер» - эпизод (реж Р.Қосай, 2015 ж) , «Дорога к матери» (реж .Сатаев), «Келинка Сабина 2» - «Бас құдағи» (реж Н.Адамбаев), «Іңкәр жүрек» - «Ене» (реж Ж.Тұматаев, Г.Абуева) рөлдерін сомдаған.
Қазақстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің иегері.
2022 жылы мерейлі 75 жас толуына және өнер жолында жүргеніне 55 жыл толуына орай Театр Қайраткерлері Одағының "Дара" төсбелгісімен, жергілікті "Руханият" кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің "Еңбек сіңірген қайраткері" арнайы медалімен марапатталды.