Тлеулиева Толқын Орынбайқызы 18.03.1978 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1997-2001 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының қуыршақ бөлімі актеры мамандығын бітірген. 2005 жылдан бері Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театрында қызмет етіп келеді.
Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Үшторай» - Ниф-Ниф, «Морозко» - Паша, «Атамекен» - Ана, «Қызылтелпек» - Ана, «Орыс халық ертегілері» - қоян, «Кішкентай бақаның оқиғалары» - Филуночка, «Аладдинның сиқырлы шамы» - Ана, «Буратино» - Буратино, «Аққу Жібек» - аққу, «Сұғанақ ешкі» - Әже, «Көңілді қонжықтар» - Топ, «Құтан мен Қарақшы» - торғай, түлкі, құтан, «Аяз ата жазғы демалыста» - Свет, «Спорт Қожа» - Байпыл, «Қаңбақ шал» - Қаңбақ шал, «Түймеқыз» - бақа, «Сотқар бұзау» - қоян, «Ана жүрегі» - Ана, «Бағдаршам» - мысық, «Сағыныш шөбі» - Ана, «Ана – ЖерАна» - Толғанай.
2022 жылы 25 қазан - Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен театр сахнасында ұзақ жылдардан бері қарымды еңбегі үшін "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.