Момынжанов Болат Рағытұлы 1978 жылы 12 қаңтарда ШҚО, Семей қаласы, Ұржар ауданы, Қарабұта ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Ж. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде С. Мақұлбеков, Өтебаева Майса Омарбекқызы сынды ҚР мәдениет қайраткерлерінен дәріс алған. 2015 жылы Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚ Мемлекеттік университетінің "Мәдени тынығу жұмысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театрында 2009 жылдан бастап қызмет етіп келеді.
2019 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген.
Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Сотқар бұзау» - Сотқар бұзау,Кудрат; «Үшторай» - қасқыр, «Алқызыл гүл» - Купец; «Құтан мен қарақшы» - қарақшы; «Морозко» - ата Шарик; «Дед Мороз и Лето» - Сережа, Андрей; «Атамекен» - Жанай, Садырата; «Солдатский котелок» - ата; «Орыс халық ертегілері» - қасқыр, әтеш, бақа; «Кішкентай бақаның оқиғалары» - Сом; «Али баба және 40 қарақшы» - Али баба; «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Аладдин; «Сұғанақ ешкі» - ата, Шарик, аю; «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - арыстан, Африкандық, керік; «Алтын балапан» - қасқыр; «Каштанка» - Каштанка; «Кішкентай ханзада» - Кішкентай ханзада; «Аққу Жібек» - Аққу, жауынгер; «Медея» - Ясон; «Ана, Жер - Ана» - Сыбанқұл; және т.б.