Кумарова Эльмира Гарифоллақызы 18 мамыр 1984 жылы Алматы облысы, Талғар ауданында дүниеге келген. 2005ж Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясын "қуыршақ театрының артисті" мамандығы бойыншатәмамдады. 2005 жылдан бастап Мемлекеттік Қуыршақ театрында қызмет атқарады.
2007 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының алғыс хатымен марапатталған.
Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Үшторай»- Ниф-Ниф, «Сұғанақ ешкі»-немересі, «Бағдаршам»-күшік, «Алтын балапан»- балапан, «Құтан мен қарақшы»- торғай, «Солдатский котелок»- котелок, «Жаңажыл»-ақшақар, «Каштанка»-Федор Тимофеевич, «Кішкентай бақаның оқиғалары» - бақа, «Аква ертегі» - Мурена, «Қызыл телпек» - қызыл телпек, «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - тотықұс, бонго-тонго, «Мен депойла», «Көңілді қонжықтар» - Топ, «Арман әлемі» – бала бауырсақ.
2023 жылы мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.