Камалов Мақсат Нұрланұлы 31 тамыз 1986 жылы ОҚО облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 2002-2005 ж. Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк колледжінде Халық артисі Сұлтанғали Шүкіров Төгелбайұлынан «Қуыршақ бөлімі» мамандығы бойынша бітірді. 2012 ж. ОҚО Шымкент қаласында Қ.А.Яссауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университетінде музыкалық білім мандығы бойынша бітіріп, бакалавар академиялық дәрежесін алды.
КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» 2003 жылдан бері еңбек етіп, 2005 жылдан Сұлтанғали Шүкіров Төгелбайұлының қарамағында жұмыс істеді. 2008 жылы КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» үздіксіз қызметін атқарып келеді. Театрмен бірге шетелдерде гатрольдерде 2003ж. 2008ж. Ресей, 2004ж. ҚХР, 2011ж. Болгария, 2012ж. Түркия, өз еліміздің біраз қалаларында гастрольдік сапарларда болды. М.Камалов «Балапан» каналындағы «Бауырсақ», «Әли мен Айя», «Менің сүйікті ертегім» бағдарламаларында жиі шығып тұрады. Қазақ киносында М.Толеухановтың «Петля» киносында түскен.
2008 жылдан бастап Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі.
2019 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби саласында жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген.
Театрдаойнаған рөлдері: «Аладдинның сиқырлы шамы» - Аладдин, «Үш торай» - Наф-Наф, «Атамекен», «АққуЖибек», «Орыс халық ертегілері: Репка, Маша и Медведь, Теремок», «Құтан мен қарақшы» - қарақшы, «Чемпион Қожа», «Али баба және қырық қарақшы», «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - арыстан, «Ана Жер - Ана» - Майсалбек, «Сағыныш шөбі» - Қалауын, «Медея» - Креонт, «Ромео мен Джульетта» - Меркуцио, Балтазар, Эскал, Парис, «Ана жүрегі», «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай».
.