Қазақша  |  Русский  |  English

Мен кіммін...

Жанр: Драма
Автор: Николоз Сабашвили
Қоюшы-режиссер: Николоз Сабашвили
16+

Кейде өмір өзімізбен бетпе-бет қалдырады. Сондай сәтте жанымыз үнсіздікпен сөйлейді. «Мен кіммін...» – бұл қарапайым спектакль емес, ішкі әлемге жасалған терең саяхат, ой мен сезімнің, күмән мен сенімнің айқасы. Мұнда жарық пен көлеңке, ар мен нәпсі, үнсіздік пен ішкі аласапыран сахна төрінде тірі образға айналады. Кейіпкер тағдыры арқылы көрермен өз болмысына үңіледі. Жолыңнан адасып, өзіңді таппай қалған сәттер болды ма? Онда бұл спектакль – өзіңмен қайта қауышуға себеп болар туынды. «Мен кіммін...» – сұрақтан басталатын саяхат, жүрекпен қабылданатын шындық. Келіңіз. Көріңіз. Сезініңіз.