Қуыршақ
Жанр: психологиялық моноспектакль
Автор: Қолғанат Мұрат
Режиссер: Рүстем Жаныаманов
+16
Кейіпкердің өмірден баз кешіп, түрлі өмірлік әділетсіздіктерге шамасы келгенше төтеп беріп, артынша сол ауыр жағдайларға шарасыздан көне қарауы.
Ол адам психикасы көтере алатын ауыртпашылықтың шыңына жетіп, күйреуге ұшырайды. Санасындағы сиқырға толы қуыршақ әлемінің және ол жақта өзінің бала кейіпінде "бар" екеніне кәміл сенеді.Кейіпкердің ойынан және көз алдынан сол әлемде бақилық болған отбасымен бірге жүргені мүлде кетпейді.
Мына өмірден шаршаған кейіпкер о дүниеден ғана тыныштық табатындай сезіне бастайды.