Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Кесте

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі – балғын балалық шақтың алаңсыз сәттерін, аналық ыстық махаббат пен артист болуды армандайтын Қасқыр турасындағы замануи оқиғаны арқау еткен қарапайым ертегі. Әуеннің сиқырлы сазымен өріліп, жақсылықты ту еткен ертегімен бірге әсем әндер мен көңілді билер, сонымен қатар, музыканың негізінен хабар беретін танымдық ойындар барысында кішкентай көрермендер оқиға дамуына тікелей атсалысады. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі – күнделікті өмір қиындықтарынан бір сәт өзгеше әлемге жетелейтін, әсем ән әуенімен балалық шаққа ұмытылмас саяхат жасап, шынайы достықтың қадірін еске салатын тамаша мүмкіндік!
Бала кезінде кім мейірімді, адал және батыл дос туралы армандамайды? Ақбай болса дәл осындай! Ол – ауыл ауласының басшысы және Тамлетамақ есімді қу мысықпен көрші. Бір күні ауыл өмірін тастап, Ақбай мен Тамлетамақ қалаға аттанып, күтпеген жерден түрлі оқиғаларға тап болады. Тамлетамақ қаланы аралап, өзі серуендейді. Ал осы уақытта Ақбай жаңа достар тауып, оларға зұлым қала иттерін басып тоқтатуға көмектеседі.
Қаңбақ шал – жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін кейіпкер. Ертегіде Қаңбақ шал қара күш иелері Қара дәу мен Қызыл дәуді айлакерлік күшпен жеңеді. Дәулерді даңғой, ақылсыз, құр кеуделер ретінде мысқылдайды. Ал, қарапайым Қаңбал шалдың мерейі үстем. Себебі, ол – ешкімге жамандық ойламайтын, өзінің адал еңбегімен, ақылымен күнелткен еңбек адамы. Қаңбақ шал – әлі күнге дейін тәрбиелік мәні бар халық даналығының куәсі.
Африка елінің орман аймағы. Аң патшасы арыстан күлкілі жағдайда бойын үрей билеп, патшалықтан мән кетеді. Орман тыныштығын әумесер Тотықұс бұзады. Аңның бәріне арыстанның ауырып қалғанын хабарлайды. Аурудың себебі – қорқыныш! Бүкіл аң патша боламыз деп таққа таласып әбігерге түседі. Джунглияда тәртіпсіздік орнап, арыстансыз берекенің жоқтығын мойындайды. Спектакль көңілді әуеннің ырғағына құрылған, жарқын әрі қызғылықты. Қойылым тек сахнада ғана емес, залдағы кішкентай көрермендерді де көмекшілер мен қатысушыларға айналдырады.

«Үйшік» - орыс халық ертегісінің негізінде сахналанған жарқын әрі қызықты қойылым. Балалар ғажайып орманға тап болып, ондағы тұрғындармен танысады. Олардың үлкен саңырауқұлақтан тұрғызылған үйшіктері бар. Ормандағы әрбір тұрғын балаларға түрлі қызықты ойындар, би, жаттығу, тіпті саңырауқұлақ жинауды үйретеді. Қойылым балаларды қонақжай, қайырымды, тату болуға шақырады. Сонда ғана кішкентай ғана үйшікке үлкен жан-жануарлар бірлесе тұра алады. Қойылым жарқын әрі көңілді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге оқиға ішіне еніп, кейіпкерлерге барлық қиындықтарды бірге жеңуге көмектеседі.

Бақ біз туралы

Барлық мақалаларды оқу

Біздің серіктестер