Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Чужетов Қайрат Ахметұлы

Чужетов Қайрат Ахметұлы 1961 жылдың 4 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

1968 жылы Семей қаласындағы жалпы білім беретін орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданып, 1971жылы А.В.Селезнев   атындағы  Алматы  хореографиялық  училищесінің «классикалық бөліміне» оқуға түседі. Аталған училищені  1980 жылы бітірісімен Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық  опера және балет театрына жолдама арқылы жұмысқа қабылданған.

2004 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында жарық беру бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.