Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Аква ертегі

Жанр: Ертегі
Автор: Артур Сергеев
Режиссер: Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек
+3

Су асты патшалығындағы Жаңа жыл. Сиқырлы, көгілдір су патшалығы. Валун патшамен бірге кішкентай көрермендер балықтармен жаңа жылға саяхат жасау үшін кездескен кедергілерден өтеді. Аква ханшайым Инфантаны және аквапатшалықты уәзір Скубаның пасық ойынан драйвер-Иван ақылымен жеңеді. Жаңа жылдық шыршаға жиналған балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге көңілді жарқын қойылымның куәсі болады.