Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Көңілді қонжықтар

Жанр: Ертегі
Автор: М.С.Поливанова
Режиссер: Б.Слонов
+3

Ағайынды екі қонжық Топ және Топочка жазғы демалыстарын атасы мен әжесінің ауылында өткізеді. Ата-әжесі шаруаларымен сыртқа кеткенде, қонжықтар үйде қалады. Бос уақыттарын олар қалай өткізеді? Қандай оқиғаларға тап болады? Ата-әжесі екеуін тентек істері үшін жазалай ма? Бұл сұрақтардың жауабын «Көңілді қонжықтар» қойылымынан табасыздар.

Билет алу