25 қыркүйек 2 қазан аралығында Алматы қаласы қуыршақ өнерінің астанасына айналады. Алматы қаласының әкімдігі, Мемлекеттік қуыршақ театры, Дүниежүзілік қуыршақшылар Ассоциациясы және «Tanaris» кинокомпаниясы І Дүниежүзілік қуыршақ карнавалына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оған әлемдегі түрлі мемлекеттерден: Швейцария, Португалия, Франция, Германия, Иран, Чили, Норвегия, Ресеей, Испания, АҚШ, Италия, Румыния, Украина, Перу, Армения т.б. қонақтар жиналады.
Ерекше, ауқымды шара кәсіби қуыршақ мамандары мен әуесқойлардың басын бір шаңырақтың астына біріктіреді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары күн сайын тамаша қойылымдар мен дала думанын тамашалай алады.
Мұндай салмақты шара кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ. «Алматы -2011 Дүниежүзілік қуыршақ карнавалы» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналады.
«Өмір мерекесі» ұранымен өтілетін бұл шараның ұйымдастырушыларының басты мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарының күзгі уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткуіне ықпал ету. Карнавал бағдарламасына Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі, Халықаралық қуыршақ фильмдері фестивалінің салтанатты шеруі, мастер-класстар, семинарлар, сондай-ақ балалар үйлері мен қарттар үйлері және емдеу мекемелері үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастыру енгізілген.
Ең маңызды оқиға 1 қазанда ҚР Бірінші президенті атындағы саябақтан бастау алады. Ол күні саябақ 21 елден келген қуыршақшылардың қатысуымен аспан астындағы үлкен сахна алаңына айналады.
25 қыркүйек 2 қазан аралығында Алматы қаласы Мемлекетттік қуыршақ театры ғимаратында және «Artишок» театрында Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді, көрермендер қуыршақ өнерінің тамаша туындыларының куәсі бола алады. Балаларға да, ересектерге де арналған қойылымдар көрсетіледі. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Халықаралық қуыршақ фильмдері фестивалі өтеді. Фестивальдар конкурстық жүйеде ұйымдастырылған. Халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне төрелік етуге Тунис, Жапония, Чехия, АҚШ, Қытай және Қазақстаннан арнайы әділқазы мүшелері шақырылды. Ал Халықаралық қуыршақ фильмдері фестивалінің жеңімпаздарын Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және телевидение» факультетінің студенттері анықтайды.
28 Панфиловшылар паркінде күн сайын дала думандар ұйымдастырылады. 28 қыркүйекте АҚШ Елшілігінің қолдауымен Мемлекеттік қуыршақ театры ғимаратында «АҚШ қуыршақ өнері күні» өтеді. Осы шараға қатысуға «Bits ‘N Pieces», «Magical Moonshine» қуыршақ театрының мамандары және «Open Eye Figure» қурышақ театрының актерлері арнайы шақырылып отыр. 29 қыркүйекте 28 Панфиловшылар паркінде шетелдік ұжымдардың қатарында «Calle-96» куба мектебі «Carnival de Cuba» каранвалдық думанын тарту етеді.
Сондай-ақ, 2 қазанда «Көк-Төбе» паркінде «Битлз» тобының ескерткішінің жанында барлық шетелдік ұжымдар әйгілі «Битлз» тобының әуендерінің ырғағымен қуыршақ нөмірлерін көрсетеді.
Байланысу:
Алматы қ. Мемлкеттік қуыршақ театры
Пушкин к-сі, 63
Тел./факс: + 7 (727) 273 56 56, + 7 (777) 678 40 78,
E-mail: gos-teatr-kukol@mail.ru, gosteatrkukol@gmail.com
URL:
www.puppet.kz,
http://www.facebook.com/profile.php?id=100002219355099