Қазақ ертегi «Қаңбақ шал» Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды
Сіздерге қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді!
Біздің театрдың конкурстық комиссиясы Наурыз мерекесіне арналған үздік балалар суреті сайысының қорытындысын шығарды және үздік суретті жариялады.
Үздік балалар суреті біздің театрда алғаш рет өткізіліп отыр. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау ғана емес, сонымен қатар қуыршақ өнерін жас бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына насихаттау.
Сайысқа қатысуға біздің тұрақты көрермендерімізбен қатар сурет өнеріне құштар балалар да шақырылды.
Әділқазы мүшелеріне жеңімпазды анықтау оңайға түскен жоқ, себебі әрбір жұмыс өзіндік ерекше, өзінше қызық болды. Дегенмен жеңімпаздар анықталды. Ең үздік болып танылған жұмыстар:
Калиновская Ксюша - 6 жыл
Мынбаева Камила - 6 жыл
Сигида Настя - 3 жыл
Базарнова Ксения - 4 жыл
Барлық жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.
Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз және сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғыс жариялаймыз!
2009 жылы 7-21 желтоқсан аралығында театр Бурса қаласында өткен (Түркия) «Қарагөз» Халықаралық көлеңке және қуыршақ театрларының фестиваліне қатысты. Қарагөз - Түркияның дәстүрлі көлеңке театрының кейіпкері. Осман империясы кезінде Қарагөз қатысқан қойылымдар көңіл көтерудің бір түрі болған. Көне заманғы көлеңке театры өнері Түркияда әлі де сақталған.
Фестиваль Түркия Мәдениет министрлігінің және Қуыршақ театрлары іқайраткерлері одағының (UNIMA) қолдауымен 13 мәрте өтіп отыр. Осы жылы фестивальда Иран, Болгария, Әзербайжан, Греция елдерінен келген театрлар, Стамбул, Анкара, Адана және Бурса қалаларының қуыршақ театрлары өнер көрсетті.
Біздің театр фестивальда Н.Оразалин жазған «Тарқамайды тойымыз» қойылымын көрсетті, қойылым театрландырылған қуыршақ шоу түрінде көрсетіледі, оған ТМД елдерінің ән-билері енгізілген. Біздің қойылым шетелдік және жергілікті әріптестеріміздің қызығушылығын туғызып, сыншылар мен театр танушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Фестиваль кезінде түркия қуыршақ жанры өнерпаздарының сұрауымен ашық мастер-класс өткіздік, онда қазақстанның қуыршақ жасау және жүргізу әдіс-тәсілдерімен таныстырдық.
Фестиваль аясында «Қаңбақ шал» қуыршағын Бурса қаласының мұражайына (Bursa Kent Muzesi) және «Қарагөз» тарихи көлеңке театрына ресми тапсыру ұйымдастырылды. Бурса қалалық мұражайының кеңесшісі және үйлестірушісі Ахмет Ердонмез біздің әртістерге шексіз алғысын білдіре отырып, тағы бір аптаға қалуымызды өтінді. Біздің Қазақстанның тәуелсіздігі мерекесіне байланысты шараларымыз болғандықтан театр әкімшілігінің бас тартуына тура келді. Театр әкімшілігі Түркияға тағы да гастрольдік сапармен келуге уәде берді.
Біздің театрдың өнері және қазақстандық қуыршақтың мұражайға берілгені туралы бір апта бойы жергілікті БАҚ-да жазылып, телеарналардан көрсетілді. Біздің театрдың ұжымы «Bursa`da Zaman» телебағдарламасына шақырылды, бағдарлама барысында тікелей эфирден UNIMA түрік ұлттық орталығының президенті Мевлют Езхан қазақстандық актерлердің орындаушылық шеберлігіне жоғары баға беріп, қуыршақ жүргізу және қуыршақ жасау әдістерімізді ерекше атап өтті.
Болашақта қуыршақ театрының ұжымы Жапонияға, Тәжікстанға, Чехияға, Норвегияға және Болгарияға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр.