Алматы қаласы Мәдениет басқармасының
Мемлекеттік қуыршақ театрының ресми сайты
kaz | rus | eng | Іздеу
о театре
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры 75 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
репертуар
01. «Атамекен»
02. «Тарқамайды тойымыз»
03. «Үш торай»
премьеры
01. «Али-баба жане 40 каракшылар»
02. «Чемпион Қожа»
03. «Солдатский котелок»
контакты
Алматы қ., Пушкин к-сі, 63

+7 (727) 273 69 21 (касса)
   жақын арадағы қойылымдар

Театр туралы
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры 1935 жылы құрылған. Театр Қазақ театрлары арасындағы ең көне қуыршақ театрларының бірі болып табылады.

74 жыл ішінде театр сахнасында барлық жүйедегі қуыршақтар - қарапайым жіппен жүргізілетін қуыршақтан бастап, күрделі марионеткаларға дейін көрсетілді. Театр талантты актерлердің бірнеше буынын: қуыршақ шеберлері, режиссерлер, суретшілерді тәрбиелеп шығарды, олардың көпшілігі жылдар бойы театрға – қуыршақ өнеріне адал қызмет етіп келеді.

Теардың іргетасын қалаған, оның шығармашылығының қалыптасуына атсалысқан адамдардың есімі театр тарихында мәңігілікке қалады:
өнертанушылармен режиссерлер Ю.Рутковский, П.Пашков, Л.Ленгорская, В.Горенберг, талантты актерлер Н.Трегубенко, Ш.Қадыров, Т.Майская, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Б.Слонов, Б.Парманов, бас режиссер және көркемдік жетекшісі А.Михайлов және П.Поторока, ҚР Халық әртістері С.Шукуров пен С.Қабиғожина.

Театрдың қалыптасу кезеңінде қазақ-орыс труппалары жұмыс істеді. «Алдар көсе» және «Өтеген батыр» сияқты алғашқы қуыршақ қойылымдарының режиссерлері Қазақ драма театрының жетекші актерлері Қ.Бадыров, с.Телғарин; қуыршақ режиссері арнайы курсын бітірген А.Федорченко, А.Анчаров және сырттан шақыртылған қуыршақ шеберлері Д.Липман мен О.Тарасовалар болды. Л.Хамиди, Б.Ерзокович сынды композиторлар қойылымдарды музыкалық жағынан көркемдеді.

Театрдың репертуары негізгізінен халық ертегілері, шығыс және шетел ертегілерінен тұрады.

«Тал көлеңкесі», «Ақ құс туралы аңыз», «Алтыншаш», «Балабек», «Вошебная лампа Алладина», ертегі желісі бойынша қойылған «Мың бір түн» және 2003-2006жж. қайта қойылған қойылымдар: «Отан туралы аңыз», «Құрманғазы», «Киелі алма», «Аққу жібек», «Морозко», «Дед мороз и лето», «Үш торай», «Сотқар бұзау» көрермендердің ықыласына бөленді, себебі олар кеңпейілділік, батырлық, әділдік, достық тақырыптарын және этикалық мәселелерді қозғайтын қойылымдар.

2005 жылы қазақ хылқының ертегісі бойынша «Қаңбақ шал» жаңа қойылымы көрсетілді, «Аленький цветочек» қойылымы – авторлары И.Карнаухова мен Л.Браусевич қайта қойылды. Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арналып З.Сагалов пен Л.Жадановтың авторлығымен «Солдатский котелок» қойылымы көрсетілді.

2005 жылы С.Образцов атындағы Ресей Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрының режиссері Сергей Трапани қазақстандық жазушы Элена Быстрицкойдың «Однажды ночью» ертегісінің желісі бойынша қойған «Большие приключения маленького лягушенка» атты музыкалық спектаклдің театрға табыс әкелгені сөзсіз.

2003 жылы театрдың ҚХР гастрольге шығуы, Ресейдегі Қазақстан күндері аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысуы театр шығармашылығындағы елеулі оқиғалардың бірі болды.

2005 жылы қараша айында театр сахнасында Тюбинген атындағы Неміс қуыршақ театры «Фламинго Бар» қойылымын көрсетті. 2006 жылы театрға Берлин қуыршақ театры ағайынды Гриммдердің ертегісі бойынша «О рыбаке и его жене» қойылымын көрсетті. 2008ж. «Петрушка» Француз қуыршақ театры (Париж қ.) гастрольдік сапармен келіп, «Опасный коммерсант» және «Петрушка-стаматолог» қойылымдарымен көрермендерді қуантты.

Театр халықаралық, республикалық фестивальдар мен конкурстардың жеңімпазы, дипломанты. Театр құрылғалы бері көптеген атақ, мәртебелерге ие болды:
  • Ташкент қаласында өткен халықаралық фестивальда О.Аубакировтың «Спорт және Қожа» қойылымы үшін диплом, 1964;
  • Фрунзе қ. Ж.Кабозиннің «Кербақбай» қойылым үшін құрмет дипломы, 1975ж.
  • Ташкентте өткен халықаралық фестивальда О.Аубакировтың «Спорт және Қожа» қойыдлымы «Үздік қойылым» дипломын иеленді,1979ж.;
  • Қостанай қаласында өткен фестивальда «Айболит» қойылымы І орынды иеленді, қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі К.Ешмұратова,1986ж.
  • Қостанай қаласында өткен фестивальда «Звездочка» қойылымы үшін І орын, қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі П.Поторок;
  • Петропавл қ. фестивалда «Қаңбақ шал» қойылымы көреремендер көзайымы сыйлығынжеңіп алды,1990ж.
  • Архангельск қаласында (Ресей) өткен халықаралық фестивальда «Қаңба шал» қойылымы құрмет дипломымен марапатталды,1991;
  • Тегеран қ. (Иран Ислам Республикасы) «Қаңбақ шал» ертегісі алтын масканы және диплом иеленді,1994ж;
  • Ақтау қаласында өткен фестивальда «Большие приключения маленького лягушенка» қойылым үшін көреремендер көзайымы атағын жеңіп алды, қоюшы-режиссер - Ресей Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрының режиссері Сергей Трапани, 2007ж.
  • Республикалық агентсва ұйымдастырған «Жыл таңдауы» фестивалінде «Жыл театры» номинациясын жеңіп алды, 2007ж.